Пәндік олимпиадаларды өткізу тәртібі
- Пәндік олимпиадалар 2 турда өтеді:
- бірінші тур - on-lin режимінде, ҚАУ сайтының функционалдық мүмкі ндіктері арқылы немесе тікелей орта мектептерде және колледждерде өтеді;
- екінші тур – тікелей ҚАУ базасында өткізіледі.
- Олимпиаданың І турына мектептер мен колледждердің білім алушылары өздерінің таңдаған басым бағыттарымен жоғары білім беру орны ҚАУ –да жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша қатыса алады.
- Жоғары оқу орнының деканы конкурстық комиссиялардың құрамына бағыт бойынша жетекші мамандарды, сондай-ақ университеттегі мамандықтардың сарапшылар мен тапсырыс берушілерін қоса отырып конкурстың тиісті бөлімдері бойынща ұйымдастырады.
- Олимпиаданың I айналымының, турының қорытындысы бойынша ҚАУ деканының өкімімен бекітілген жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы, баламалы конкурстық негізде бәсекеге қабілетті, таңдаулы үздік қатысушыларды жоғары оқу орнына комиссияның растауы бойынша, олимпиадаға - байқаудың II турына қатысу үшін (ҚАУ ұйымдастырушылары) іріктеп шақырады.
- Орта мектептер мен колледждерде өткен турдың, айналымның қортынды нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ турына қатысуға білім алушы ұсынылған жағдайда ҚАУ орта мектептер мен колледждердге мынадай құжаттарды жібереді:
- хаттамамен ресімделген, олимпиаданың бірінші кезеңінің қортындысы жөніндегі деканның қолы қойылған хат:
- орта мектеп және колледждің директоры мен білім алушылардың дайындығына қатысқан мұғалімдерге алғыс хаттар беріледі.
- Оn-lin режимде өткен олимпиада турының қортындысы бойынша барлық қатысушыларға олимпиаданың I турындағы жетістіктері жөнінде электронды хаттар жіберіледі.
- I (онлайн / күндізгі) және (ҚАУ базасында) II турларды өткізу мерзімі оқу жылының күнтізбелік күндері ескеріле отырып ҚАУ деканымен анықталады.
Порядок подведения итогов предметных олимпиад
- ҚАУ конкурстық комиссиясы келесідегідей тәртіппен жүлдегерлерді марапаттауға ұсынады (II тур нәтижесі бойынша):
- 1 орын үшін - бірінші оқу жылына 100% жеңілдік және ХБК-ның I дәрежелі дипломы (қатысушылар саны 50 адамнан кем болмаған жағдайда, бір студенттен аспауы тиіс);
- 2 орын үшін - бірінші оқу жылына 50% жеңілдік және ХБК-ның II дәрежелі дипломы (қатысушылар саны 50 адамнан кем болмаған жағдайда, екі студенттен аспауы тиіс);
- орын үшін - бірінші оқу жылына 25% жеңілдік және ХБК-ның III дәрежелі дипломы (қатысушылар саны 50 адамнан кем болмаған жағдайда, үш студенттен аспауы тиіс).
- II турадағы әр олимпиаданың жеңімпаздарын анықтау бойынша Конкурстық комиссияның шешімі, барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді.
Порядок награждения победителей предметных олимпиад
- 1, 2, 3 жүлделі орындарды иеленген пәндік олимпиада жүлдегерлері ХБК-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және иеленген орынға сәйкес бірінші оқу жылына жеңілдікке берілетін сертификат алады.
- Жоғары оқу орны қаражаты есебінен олимпиада жеңімпаздарын-студенттерді мадақтау ХОК-ның басшылығына ұсынылады.